«Қызыл-Жар» мен «Ордабасының» көшбасшы ойыншылары жарақат алды

03.05.2021 14:45 ҚПЛ

Екі ойыншы да бүгінгі матчқа қатыспайды.

«Қызыл-Жар» мен «Ордабасының» көшбасшы ойыншылары жарақат алды

"Қызыл-Жардың" черногориялық жартылай қорғаушысы Дарко Зорич бүгін "Қайратпен" болатын матчқа қатыспайды, деп хабарлады инсайдер Айдын Қожахмет.

Соңғы турда "Қызыл-Жардың" көшбасшысы өз командасына екі рет пенальти алып келген болатын және "Қайсарға" қарсы өткен кездесудің үздік ойыншысы болды. Қарсыластар черногориялық футболшыға қарсы көп тәртіп бұзады, нәтижесінде ол иық, жамбас бұлшық еттерін жарақаттап алды. Енді ол бір ай бойы жасыл алаңға шыға алмайды.

Айдын мырзаның хабарлауынша, осы маусымның үздік сұрмергені Жоао Пауло да "Тұранмен" болатын матчқа қатыспауы мүмкін. "Ордабасының" бразилиялық шабуылшысы "Қайратқа" қарсы кездесуде бұлшықетін зақымдап алып, бүгінгі күнге дейін жалпы топта жаттыға алмады.

0 пікір