«Ордабасының» 20 жастағы футболшысы алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды

16.03.2021, 02:40
Футболшы «Ордабасының» Түркиядағы ОЖЖ-да барлық кездесуге қатысты.
«Ордабасының» 20 жастағы футболшысы алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ордабасының» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Қазақстан құрамасының Франция мен Украинаға қарсы өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырту алды.

Шымкент футболының тәрбиеленушісі Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында барлық жолдастық кездесуге белсенді қатысты, бұл ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтің көңілінен шықты.

Бұрын Астанов Қазақстанның жастар құрамасында ғана ойнаған, ол жердегі дебютін 2020 жылдың қыркүйегінде Черногорияға қарсы матчта жасаған.

Еске салайық, бұған дейін Александр Мокин, Азат Нұрғалиев, Тимур Рудосельский, Данияр Үсенов, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев және Рамазан Оразовтың ұлттық құрамаға шақырту алғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×