«Ордабасының» бас бапкері: чемпиондықтың тағдыры келесі турларда шешіледі

03.10.2024, 17:52

«Ордабасының» бас бапкері Кирилл Кекер биылғы премьер-лиганың деңгейі мен бәсекелестік туралы ойын айтты.

«Ордабасының» бас бапкері: чемпиондықтың тағдыры келесі турларда шешіледі
Кирилл Кекер "Ордабасының" бас бапкері

Сондай-ақ, шымкенттік клубтың чемпиондық таластағы мүмкіндіктеріне тоқталды.   

«Астанамен» ойынның принципиалдық маңызы болды, әрине, бірақ чемпиондықтың тағдыры келесі турларда шешіледі. Биыл алтын жүлдеге талас өте тартысты өтуде. Чемпион соңғы турларда, тіпті соңғы секундтарда анықталып кетуі де ықтимал. Жанкүйерлерге, сарапшылар мен жалпы футболсүйер қауым үшін бұл үлкен плюс. Бір жағынан биылғы біріншілікте ешбір команданың айқын басымдығы байқалмайды, ұпайдан шашау шығармайтын команда болмай тұр. Бәрлығы да сүрінді. Сондай-ақ, премьер-лиганың командаларының деңгейі өсіп, бәсекелестіктің де жоғарылағанын айта кету керек. Қазір жақсы футболшылармен жасақталған алты команда өзара чемпиондыққа талас жүргізіп жатыр», - деді шымкенттік клубтың басшысы.

Айта кетейік, «Ордабасы» ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде екінші сатыға жайғасқан. Көш басында 37 ұпаймен «Елімай» келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×