
«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Ұлытауға» қарсы ойынды қортындылап, ой-пікірімен бөлісті.
Кеше ҚПЛ-дің 10-туры аясында шымкенттіктер өз алаңында 0:1-мен ұтылып қалды.
«Мүмкін алғашқы 11 адамды таңдауда қателескен шығармын. Бәлкім футболшыларға ойымды дұрыс жеткізбедім, бірақ бір апта бойы маңызды матч дәл осындай қарсыласқа қарсы ойын болатынын, 100 пайыз беріліп ойнау керектігі жайлы айтылып келген. Кейбіріне бұл ойымыз жетпеген секілді. Мүмкін, кейбірі деңгейдің арқасында ойнауға болады деп қалған шығар. Қортынды жасаймыз, алда әлі жаз келе жатыр. Құрамды күшейту керек. Бізде ойыншылардың тобы бар, егер талаптарды орындамаса, қабылдамаса, солардың кейбірімен қоштасуға тура келеді. Футбол осындай, мұнда тек клубтың, футболка мен өзінің намысы үшін, қаласының намысы үшін шайқасқа түсетіндер ғана қалуы керек. Оның басқа жолы жоқ», - деді А. Мартин.
«Ордабасы» 10 турдан кейін 14 ұпаймен жетінші сатыда. Келесі турда шымкенттік ұжым «Жеңіспен» кездеседі. Бұл бәсеке 30-мамырға жоспарланған. Елордалық клуб турнирлік кестеде 5 ұпаймен 12-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET