«Қайраттың» бас бапкері орнынан кетеді? Оның орнына кім келуі мүмкін? Бір кандидат белгілі екен

25.05.2025, 13:15

«KazFootball.kz» мәліметіне сенсек, «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметінен кетуі ықтимал.

«Қайраттың» бас бапкері орнынан кетеді? Оның орнына кім келуі мүмкін? Бір кандидат белгілі екен
«Атырау» - «Қайрат» кездесуі

Ал оның орнына басты кандидат ретінде Қайрат Нұрдәулетов қарастырылуда. 

«Қайрат» қатарынан үшінші ойында жеңіліске ұшырады. Команда Қазақстан Кубогінен ұшып кетті. Сондай-ақ,«Елімайдан» 0:1 және «Оқжетпестен» 1:2 болып ұтылды. Қазір Уразбахтиннің орнына Қайрат Нұрдәулетов қарастырылуда», - делінген порталдың материалында. 

Қайрат Нұрдәулетов алматылық клубтың түлегі. «Қайрат» сапында ҚР чемпионатының қола жүлдесін еншілеген. 

«Қайрат» ҚПЛ-дің 10 турынан кейін 23 ұпаймен үшінші орында тұр. Келесі турда алматылық ұжым «Ақтөбемен» шеберлік байқасады. Бұл бәсеке 30-мамырда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×