
«Жетісу» ҚПЛ-2025-те әлі жеңіске жеткен жоқ.
Кешегі «Ұлытаудың» ерлігін неге «Ақтөбемен» болатын бәсекеде қайталамасқа? Бүгінгі матчтан бөлек алдағы төрт тур аса ауыр болғалы тұр. Талдықорғандық клуб келесі турда сырт алаңда «Қайсарға» қарсы тұрса, одан кейін кілең кестеде жоғары тұрған командалармен кездеседі - 14.06 - «Қайрат», 21.06 - «Тобыл». Тікелей бәсекелес «Ұлытаумен» болатын ойынның да оңай болмайтыны анық. Сол үшін мейлі премьер-лига көшбасшысы болса да бүгінгі өз үйіндегі матчты мүмкіндігінше пайдаланып қалуы тиіс.
Бас бапкер Самат Смақовтың үстінен күн өткен сайын қара бұлт үйіріле түсуде. Клуб басшылығының да мазасы кеткен. Қысқасы, «Жетісуға» дәл қазір ұпай ауадай қажет. Бүгін ұтылса ал «Атырау» өз алаңында «Қайсардан» басым түссе, 10-турдан кейін талдықорғандықтар ең соңғы орынға түсір кетуі де ғажап емес.
Ал «Ақтөбе» кешегі «Қайраттың» сәтсіздігін ұтымды пайдаланып кетуді ойлайтыны анық. Талдықорғанда үш ұпай олжаласа, алматылықтардан 5, ал «Астанадан» 4 пунктке ұзап шығады. Сондай-ақ, ақтөбеліктердің тікелей қарсыластарына қарағанда бір кездесуінің кем екенін де қоса кету керек.
Бұл ойынның жалпы тоталы 2.5-нан көп болады деп ойлаймыз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаға 2.15 коэффициент тарту етеді.
Біздің серіктес: FONBET