«Ордабасының» бас директоры Асхат Сейсембек: біз де легионерлерді тек бір маусымға алмауға тырысамыз

23.05.2025, 14:37

Шымкенттік «Ордабасының» бас директоры Асхат Сейсембек «Күнгей.кз» YouTube-арнасына көлемді сұқбат беріп, команданың селекциялық саясаты мен жоспарлары жайлы тілге тиек еткен болатын.

«Ордабасының» бас директоры Асхат Сейсембек: біз де легионерлерді тек бір маусымға алмауға тырысамыз
"Ордабасы" ФК футболшылары жаттығу барысында

«Футболда жүрген маман ретінде маған «Астананың» селекциясы ұнайды. Олар шетелдік болғанымен нағыз бабындағы кейін сатып жіберуге болатын жас футболшыларды алады. Менің көзқарасымдағы нағыз дұрыс селекция осындай болуы керек. Иә, мүмкін мұның қаржысы басқа, мүлде басқаша әкімшілік мүмкіндіктері қажет болар, бірақ біз де легионерлерді тек бір маусымға алмауға тырысамыз. Болашаққа қарағымыз келеді», - деді клубтың бас директоры.

Айта кетейік, «Ордабасы» ҚПЛ-2025-тің 9 турынан кейін 14 ұпаймен алтыншы сатыға табан тіреген. Ертең шымкенттіктер жезқазғанның «Ұлытауын» қабылдайды.    
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×