«Ордабасының» тәжірибелі қорғаушысы «Жетісуға» ауыспақ

07.05.2021, 22:53
Футболшы негізгі құрамнан орын таба алмауда.
«Ордабасының» тәжірибелі қорғаушысы «Жетісуға» ауыспақ

"Ордабасының" орталық қорғаушысы Дамир Даутов "Жетісу" клубына жалға беріледі, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы.

Дереккөздің хабарлауынша, шымкенттік клубтың бас бапкері Александр Седнев футболшының ойын практикасын көп алуы үшін талдықорғандық клубқа ауысқанын қалайды. Себебі "Ордабасының" тәжірибелі қорғаушысы қазір тұрақты ойын уақытын ала алмауда.

Айта кетейік, 31 жастағы қорғаушы биылғы маусымда бес матчқа қатысты. Оның тек біреуінде ғана негізгі құрамда шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×