Владимир Зеленовский: «Бұл ауысымның қандай пайда әкелетінін немесе керісінше қаншалықты зиян екенін білмеймін»

07.05.2021, 23:23
«Ақтөбе» жаңа бас бапкер тағайындағанша, команданы Зеленовский баптайды.
Владимир Зеленовский: «Бұл ауысымның қандай пайда әкелетінін немесе керісінше қаншалықты зиян екенін білмеймін»

"Ақтөбе" клубында бас бапкердің міндетін атқарушы Владимир Зеленовский белоруссиялық маман Алексей Бага кеткеннен кейінгі команданың жағдайы туралы айтты:

- Егер командадағы жағдай туралы айтатын болсақ, онда мен бүгінгі күн туралы да пікір айтпаймын. Бәріне белгілі, кез-келген үзілістің, кез-келген ауысымның белгілі бір дәрежеде себеп-салдары болады. Бұл қандай да бір эмоционалды жеңілдеудің бір түрі немесе керісінше шиеленіс болуы мүмкін, сондықтан оның қандай пайда әкелетінін немесе керісінше қаншалықты зиян екенін білмеймін, біз бір аптадан кейін ғана қорытынды жасай аламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×