Ортақ чемпионат? Қазақстан, Ресей мен Беларусь лигасын біріктіру идеясы айтылды

30.04.2025, 19:25

«Қызыл-Жар» клубының бас бапкері Милич Чурчич Қазақстан, Ресей және Беларусь лигаларын біріктіру идеясын алға тартты.

Ортақ чемпионат? Қазақстан, Ресей мен Беларусь лигасын біріктіру идеясы айтылды
Ислам Чесноков

«Мұның керемет идея екеніне сенімдімін. Сайыста түрлі командалар мен ойыншылардың қатысқаны футбол үшін жақсы. Десе де, ондағы барлық қатысушының бюджеті мен стадиондарының жақсы болуы да маңызды. Әдеттегідей барлығы ақшаға келіп тіреледі бірақ бұл идея тамаша әрі ол шынында да іске асып кетуі мүмкін ғой», - деді М. Чурчич. 

Айта кетейік, осыған дейін сербиялық маман өзі тізгіндейтін «Қызыл-Жарға» ресейлік футболшыларды алғысы келетінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×