Орысты орыс басып озды, сонда қазақтар қайда?

22.06.2013, 00:28
Орысты орыс басып озды, сонда қазақтар қайда?
Сергей Давыдов
Сергей Давыдов
Аузымыз ашылып, Еуропадағы футбол клубтарының трансферіне үңіліп отырғанымызда «Ақтөбе» ФК-сы көршілес Ресейден тағы бір ойыншыны жалға алыпты.

Жалпы еліміздегі трансфер мәселесіне келсек, көңіл көншітерлік емес. Тіпті, кейбіреулер бізде трансфер туралы түсініктің бар екендігіне күмәнмен қарайды. Себебі, ауыздары алты қарыс Еуропа клубтары ойыншылар үшін миллиондаған доллар ақша шығындап жатқанда, бюджеті аз біздің ел үшін трансфер туралы әңгіменің ерсі көрінетіні жасырын емес. Десек те, ел чемпионатындағы белді клубтар арзан ойыншыларды сатып алуға, қымбаттарын жалдауға тырысып жатыр. Бұған Қазанның «Рубин» ФК-дан «Ақтөбеге» 1 жылға ауысып келген Сергей Давыдов айқын дәлел бола алады. Ресей чемпионатының 2012/13 жылғы маусымында Давыдов «Рубин» сапында 13 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Ал маусымның екінші жартысында «Динамоға» жалға берілген. Ойыншының жалпы ойын өрнегі жаман емес. Трансфер базарындағы бағасы да тәуір. Сергейдің жалпы трансферлік құны 2,8 млн. еуроны құрап, еліміздегі ең қымбат ойыншылардың көшін бастап тұр. Бұл көрсеткіш Қазақстан біріншілігінде ең үздік деп саналады. Ол құны 1,2 млн. еуроны құрайтын алматылық «Қайрат» ФК-ның ойыншысы Алексей Еременконы басып озды. Осыйша орысты орыс басып озды. Сонда қазақтар қайда?

Автор: Айдос АҚМЫРЗА
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×