Остапенконың "Астана" сапындағы 40-шы матчы

09.05.2012, 07:24
Остапенконың "Астана" сапындағы 40-шы матчы
9-турда "Шахтерге" қарсы алаңға шыққан Остапенко "Астана" сапындағы өзінің 40-шы кездесуін өткізді.
2010 жылы Сергей елордалық команданың сапында 32 кездесу өткізіпті. Биыл сегіз рет "Астана" жейдесін киді. Премьер-лига аясында 35 ойын өткізіп, "астаналықтарға" жеті гол соғып берген. Екі нәтижелі пастың авторы. Ал қалған бес ойынды Сергей 2010 жылы Қазақстан кубогының сапында өткізді. Бұл ойындарда да Остапенко әріптестеріне екі нәтижелі пас шығарып берді. Тағы бір статистика. "Астана" сапында ойнап жүріп Остапенко "Шахтерге" қарсы алты рет алаңға шығыпты. Сондай-ақ, төрт реттен "Ертіс", "Тобыл", "Тараз", "Ақтөбе" және "Атырау" клубтарына қарсы ойнаған. Биыл Остапнко "Астана" сапында ең көп өнер көрсеткен футболшылардың ішінде үздік ондыққа енуі әбден мүмкін. Қазірдің өзінде енді бес матч өткізсе, үздік ондықтағы Александр Кировқа жетіп алады.

алаш арена

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×