
Танымал адвокат Жангелді Сүлейменов «Атырау» клубын сынға алды.
Дәлірек айтқанда, қоғам белсендісіне «мұнайшылардың» құрбандық шалғаны ұнамапты. Соны тілге тиек еткен ол, «Атырау» клубын жерден алып, жерге салды.
«Атырау» футбол клубы Қазақстан чемпионатындағы 8 матчтың жетеуінде жеңіліп қалды. Тоғызыншы матч алдында ойыншылар молда шақырып, құрбандыққа қой шалды. Бірақ клуб тағы да жеңіліске ұшырады. Соған қарағанда қарсылас команда семіздеу қой сойған сияқты. Қой сойғаннан гөрі жаттығуға көңіл бөлген дұрыс. Ашуыма тиетіні – бұл клубқа жыл сайын 1,9 миллиард теңге бюджет қаржысы жұмсалады. Яғни бұл – біздің салықтан жиналған ақша. Құрбандыққа шалынған қой да, бәлкім, сол қаржыға алынған шығар. Мен мұндай шығындарға қарсымын. Міне, біздің ақшамыз қайда кетіп жатыр, осындай «қойлардың» кесірінен салық өсіп жатыр», – деп жазды Ж. Сүлейменов.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 8 турынан кейін «Атырау» 3 ұпаймен 13-орында келеді. Келесі турда Қуаныш Кабдоловтың шәкірттері «Жетісумен» кездеседі. Бұл матч 17-мамырға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET