Марк Гурман мен Самат Смақов ақыры кететін болыпты. «Жетісуда» сұмдық былық

13.05.2025, 15:05

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сай, жақын күндері талдықорғандық ұжым қатарында ауқымды ауыс-түйістер орын алмақ.

Марк Гурман мен Самат Смақов ақыры кететін болыпты. «Жетісуда» сұмдық былық
Самат Смақов

Нақтырақ айтсақ, «Жетісу» директоры Марк Гурман мен Самат Смақов бастаған бапкерлік құрам түгелдей қызметінен кетеді. Бұған бірқатар себеп негіз болып отыр. Оның ең бастысы - клуб басшылығы маусымға дұрыс дайындалмаған. Оқу-жаттығу жиындары мен селекциялық жұмыстар ойдағыдай болмаған көрінеді. Сондай-ақ, былтырдан келісімшартта болған легионерлердің жалақысы екі есе өскендігі анықталыпты. Шетелдік футболшылардың контрактісін бұлайша бірнеше есе өсуруге ешқандай негіз болмаса да, жауаптылар заңды белден басқан көрінеді. Бұған енді Антикор араласып кетпесе деңіздер. ҚПЛ-де мұндай жағдай үйреншікті болып барады. Жағымсыз, футболға кір келтіретін мұндай дүниелер «Ордабасының» басынан өткенін осыған дейін жазған болатынбыз.

Клуб 8 матчтың төртеуінде ғана тең түсіп, қалғанының барлығында ұтылған. Осыншама ойында 2 гол салып, 11 доп жіберген. Мұны да қойшы, ең сорақысы, командада ешқандай ойын жоқ. Мұнымызға енді «Жетісудың» ең адал деген фанатының өзі келісетін шығар. Әсіресе, соңғы матчта жетісулықтардың жүрегі ауырып, ашуының келгені анық (Оқжетпестен 1:3 ұтылған ойын). Талдықорғандық футболшылар өзінің алаңында абдырап (бірінші гол кіретін сәт) жоқ жерден қателікке бой алдырып, жанкүйерлерінің алдында әбден масқара болды. Бұл биылғы маусым барысында алғашқы жағдай емес. Қысқасы, біраз қаржы-қаражат желге шашылды, бірақ нәтиже жоқ. Ал осыдан кейін әрине облыс әкімдігі мен спорт басқармасының, жалпы клубты қаржыландырған органдардың көңілі толмайды, Футболдағы қалыпты жағдай – нәтиже жоқ, басшылық ауысады, бапкер кетеді. Талдықорғанда да сондай жағдай!   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×