
«Спорт День за Днем» басылымы Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петерборлық «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліпке көлемді материал арнап, футболшының клубтағы жағдайы мен болашағына тоқталды.
«Футболшының «Зенитпен» жасасқан келісімшарты 2028-дің жазының соңына дейін жарамды. Алайда, қазіргі жағдайда клубтағы орны мен рөлі Әліптің өзін қанағаттандыра ма, ол жағы бізге белгісіз. Егер ол тұрақты ойын практикасына мүдделі болса, жалға беру нұсқасы қарастырылуы мүмкін. Бірақ, кез-келген клуб оның қаржылық талаптарын қанағаттандыра алмайтыны анық, - делінген.
Нұралы Әліп РПЛ-2024/25-жылғы маусымында 18 ойынға қатысып, бір гол мен бір ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Ресей Кубогында 8 матчта бой көрсеткен. Жыл басынан бері қорғаушы негізінен Кубоктык кездесулерге шығып жүр. 26 жастағы ойыншының нарықтық бағасы 3.50 миллион еуро. Нұралы “Зенитке” дейін алматылық “Қайрат” намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET