
«Ақтөбенің» спорттық директоры Сергей Доронченко клубтың соңғы ойындағы өнеріне байланысты пікірін айтып, ұжымның мақсат-міндеттерімен бөлісті.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өткен турда «Елімайды» 1:0-мен ұтып, қатарынан үш жеңіс тіркеді.
«Елімайға» қарсы матч өте маңызды болды. Маған ойын ұнады, бірақ «Ақтөбеде» мұндай жанкүйер қолдауы болғасын футболшылардың салқынқандылықпен ойнауларына жол жоқ. Сондай-ақ, облыс әкімі Асхат Берлешұлының қолдауын ерекше атап өткім келеді. Ол шын мәнінде ерекше басшы, команданың жеңіске жетуі үшін бәрін жасайды. Бұл жеңіс ойыншылардың тапшы кезінде қол жеткізілгендігімен ерекше құнды әрі футболшыларымызға қосымша сенімділік береді. Жазда «Ақтөбе» күшейіп, өзінің әлсіз тұстарын түзеп, алға қадам басады. Біздің клуб чемпиондық үшін күресуге қауқарлы», - деді С. Доронченко.
«Ақтөбе» 8-турдың қортындысы бойынша екінші орынға көтерілді. Команда қоржынында 19 ұпай. Вячеслав Левчуктің командасы келесі турда 14-мамырда «Қайсармен» шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET