РПЛ бапкері ҚПЛ-де! Қайда баруы мүмкін? «Жеңіс», «Жетісу» әлде "Атырау"?

13.05.2025, 10:40

Ресейлік танымал жаттықтырушы Дмитрий Пятибратов Қазақстан премьер-лигасының бір командасына бас бапкер болуы ықтимал.

РПЛ бапкері ҚПЛ-де! Қайда баруы мүмкін? «Жеңіс», «Жетісу» әлде "Атырау"?
Дмитрий Пятибратов

Бұл туралы «ЖаркOFF» телеграм-арнасы мәлімдеді. 48 жастағы маманның өзі де бұл ақпаратты жоққа шығармаған - ҚПЛ агенттері мен клубтарының өкілдері хабарласқанын мәлімдеді. Десе де, ресейлік бапкер оның нақты қандай командалар екенін ашып айтқан жоқ. Сондай-ақ, ресми ұсыныс түспегенін де тілге тиек етті. Айта кетейік, Дмитрий Пятибратов 2008-жылғы маусымда павлодарлық «Ертістің» намысын қорғаған - екі ойын өткізген соң ауыр жарақат алып қалды. Бапкерлік мансабында «Сочи», «Чайка» және «Факел» клубтары болды. Дмитрий Пятибратовтың соңғы қызмет орны - «Факел» командасы. Ресейлік маман воронеждік клубтан биыл наурызда өз еркімен кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір премьер-лигада бірнеше орын бар. Күні кеше ғана Акис Вавалис “Жеңістен” кетіп, елордалық клуб басшылығының жаңа бас бапкер іздеуде. Сондай-ақ, “Атырауда” Қуаныш Қабдолов толыққанды бапкер емес, бас бапкер міндетін атқарушы. “Жетісуда” Самат Смақовтың да жағдайы мәз емес. Біраз БАҚ-та қазақстандық маманды соңғы сәтсіз нәтижелерінен кейін өз орнын босатады деген ақпараттар айтылды.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×