Өз алаңымызда қанша ойын өткіздік?

22.11.2011, 16:07
Өз алаңымызда қанша ойын өткіздік?

Футбол жанкүйерімін. Сұрайын дегенім, Тәуелсіз Қазақстан тарихында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында қанша ойынды өткізді? Жалпы, өз алаңымызда өткен ойындардың қаншасы Алматыда, қаншасы Астанада өтті? Бауыржан Исмаилов, Тараз қаласы Негізі, 1992 жылдың басынан 2011 жылдың соңына дейін санағанда ұлттық құрамамыз барлығы 135 ресми кездесу өткізіпті. Бірақ соның 47-сін ғана өз алаңымызда қабылдаған екенбіз. Яғни 88 ойынды түзде өткізгенбіз. Сонымен, өз алаңымызда ұйымдастырылған ойындардың 35 матчы оңтүстік астанамыз Алматының Орталық ста­дионында өткен. Дегенмен елордамызда жаңа заман талабына сай «Астана-Арена» стадионының құрылысы аяқталғаннан кейін ұлттық құрамамыз өз алаңындағы ойындарын Астанада өткізіп жүр. Бүгінге дейін «Астана-Аренада» өткен матчтардың саны сегізге дейін жетті. Сондай-ақ бір ойынды сонау 1992 жылы Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы стадионы қабылдаса, Шымкентте бас командамыз үш кездесу өткізіпті. Сондай-ақ ұлттық құрамамыз Қостанайда да бір жолдастық кездесу өткізген. Ресей клубтары құрамасымен кездесіп, тең түскен. Бірақ бұл матч бейресми кездесулер қатарына жатады. Жалпы өз жерімізде өткізген ойындардың ішінде 2009 жылдың маусымында өткен Қазақстан – Англия кездесуі ең көп жанкүйер жинаған ойын болды. Сол жолы Алматының Орталық стадионына 25 мыңнан астам көрермен жиналған болатын.

"Аламан".кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×