Өз құрамасының ойынын көру үшін 80 мегаватт элект қуатын сатып алды

06.02.2015, 23:27
Өз құрамасының ойынын көру үшін 80 мегаватт элект қуатын сатып алды
Ганалық жанкүйерлер өз құрамасының Африка ұлттары кубогының жартылай финалындағы Экваторлы Гвинея командасына қарсы кездесуін өз көздерімен көре алды. Ганадағы негізгі электр жеткізушінің мәліметіне сүйенсек, жартылай финалдық кездесуді жергілікті жанкүйерлердің басым көпшілігі көре алу үшін ойын алдында Гана көрші мемлекет Кот-д'Ивуардан 80 мегаватт элект қуатын сатып алынған. Гана мен Кот-д'Ивуар арасында мынадай келісім бар екен: қажет болған жағдайда қос мемлекет бір-бірінен электр қуатын сатып ала алады. Ал енді бұл қос мемлекет Африка Кубогының финалында кездеседі.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×