Өзбекстандық бапкерлер дефицит? Өзбек жаттықтырушыларына ерекше назар аударылып отыр екен

08.05.2025, 12:57

Өзбекстанның U-17 құрамасымен Азия чемпионатын ұтқан Исламбек Исмаиловқа Сауд Арабиясының жоғары дивизионында ойнайтын командаларынан нақты ұсыныс түскен көрінеді.

Өзбекстандық бапкерлер дефицит? Өзбек жаттықтырушыларына ерекше назар аударылып отыр екен
Қатар - Өзбекстан кездесуі

Про-лига өкілдері өзбек бапкері үшін қомақты қаржы беруге дайын екен.Бұдан бөлек, И. Исмаиловқа Өзбекстан Суперлигасының екі клубынан да маңызды ұсыныс болғаны мәлім.

«Әрине, менің болашақ мансабыма қатысты түрлі ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ менің бар назарым әлем чемпионатына дайындықта. Өзім басқаратын командамен осындай ірі турнирге қатысу мен үшін өте маңызды. U-17 арасындағы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін басқа ештеңеге көңіл бөлмеймін», - деді өзбекстандық маман.

Айта кетейік, Өзбекстан жастар құрамасы қарашада жалауы желбірейтін Әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×