
Қазақстан құрамасы мен Шымкенттік «Ордабасының» қорғаушысы Сергей Малый «Интер» ойыншысы Франческо Ачербидің «Барселонаға» соққан голына қатысты пікір білдірді.
Дәлірек айтсақ, шымкенттік клубтың 34 жастағы футболшысы Instagram-дағы Stories-те Қазақстан футболында жасқа байланысты сын көп айтылатынын тілге тиек еткен болатын. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интер» өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, алаң иелері қосымша уақытта 4:3 есебімен жеңіске жеткен. Бұл жеңіс италиялық ұжымға турнирдің финалына өтуге мүмкіндік берді. Ал клубтың жеңіске жетуіне үлес қосқандардың бірі 37 жастағы Франческо Ачерби. Қорғаушының 90+3 минутта соққан голы алаң иелерінің жеңілістен құтқарып, матчтың экстра-таймға жалғасуына түрткі болды.
«Неліктен Италияда жасы үлкен футболшыларға қатысты сыни көзқарас жоқ?» – деген сауал тастады Сергей Малый.
Сергей Малый 2013-жылдан бері ҚПЛ-да өнер көрсетеді. Украина жерінде дүниеге келген футболшы 2014-тен бері Қазақстан құрамасының намысын қорғауда.
Біздің серіктес: FONBET