“Дауылда жүрсең де басыңды тік ұста” - Аллисон

07.05.2025, 21:55

Әкемнің жастау кезі көз алдымда. Бұл жай ғана естелік емес. Естеліктер тұман секілді, иә? Ал бұл… басқа. Бұл – түрлі түсті, жаныма өте жылы. Барлығы түс секілді.

“Дауылда жүрсең де басыңды тік ұста” - Аллисон

Мен үштер шамасындамын. Ағам Мюриэльмен бірге үйіміздің қонақ бөлмесінде футбол ойнағым келіп жүр. Ол – 8 жаста, мен оның кішкентай інісімін. Артынан қалмаймын.

Әкем жұмысынан шаршап келіп, диванға шалқасынан түсіп жатқан сәт. Әкелер жұмыстан кейін қалай жататынын білесіз бе? Денесі 400 келі тартатындай. «Ааааааааааххх… Тô cansado pra caramba…» Басына жастық қойып, оң қолы диванның шетіне салбырап тұр.

Мен ағаммен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, әкемізді оятуға тырысамыз:

— Паааааай! Жүріңіз!

Ол бірнеше секундтай қарсыласып, кейін диваннан домалап түсіп кетеді.

— Йееееес!

Сосын әкем кілемнің үстімен домалап, диванның астына кіріп кетеді. Көрінбей қалады. Тек қараңғылықтың арасынан екі үлкен қолы ғана көрініп тұрады.

— Бүгін гол салу мүмкін емес! Мен — Таффарелмін! дейтін ол.

Бұл — Әлем чемпионаты. Кілем — алаңымыз. Диванның асты — қақпа. Әкемнің үлкен қолдары — Таффарел.

Ағам — Ривалдо, Бебето, Роналдо, Дунга…

Ал мен… ағам таңдамай кеткен кім бар — сол боламын. (Інілердің тағдыры осындай.)

Бұл көріністі соншалықты анық елестете аламын — тіпті иісін сеземін. Диванның иісі. Анам дайындап жатқан кешкі астың иісі. Әкемнің киімінен шыққан иіс.

Оның қақпашы Таффарелге айналып, күлдірмек болып, диван астынан басын шығарып, күлкілі түр көрсеткені… Біз күлкіден жарылып жатырмыз.

Көзімді жұмсам болды — бәрі кеше ғана болғандай сезіледі.

Әкемнің қазасы жайлы хабар

2020-2021 маусым. Үйден өте алыстамын. Анамнан қоңырау шалып, әкемнің көлде батып кеткенін айтты.

Сенгім келмеді. Ондай адам қалайша жоқ бола салады? Нағыз “нағыз еркек” болатын.

Ол да қақпашы болған. Әкем жайлы: Сенің әкең футболға есі кеткен адам еді— дейтін достары.

Тек футбол емес, өмірдің өзінде де ол қорықпайтын, шыншыл, отбасын бәрінен жоғары қоятын адам болды.

Әкем қайтыс болғанда мен сындым. Футбол дегеннің не екенін де ұмытып қалдым. Бәрі түс секілді. Үшінші баламызға жүкті әйелім Covid салдарынан Бразилияға бара алмайтын болды. Әкем оны өте жақсы көретін. Тіпті менімен келіспей қалса, эНаталиянікі дұрыс” деп оны жақтайтын.

Мен Бразилияға жалғыз ұшпақшы болдым.

Клубтағы достарым мені қолдады. Виргил, Фабиньо, Фирмино, Тиаго — бәрі хат жолдады. Тіпті Пеп Гвардиола мен Анчелотти де көңіл айтты.

Юрген Клопп маған: Қанша уақыт қажет болса, сонша демал — деді.

Ол да әкесінен ерте айырылған. Ол маған бапкер емес, екінші әке секілді болды.

Біз — Ливерпульміз. Бұл клуб басқаша.

Топтасып, маған Бразилияға барып жерлеу рәсіміне қатысуым үшін жеке ұшақ ұйымдастырып бермек болды. Бірақ пандемия, жүкті әйелімнің жағдайы…

Анам мен ағама қоңырау шалу — өмірімдегі ең ауыр сәт болды. Жылап тұрып, мен бара алмайтынымды айттым.

Экран арқылы қоштасу

Жерлеу рәсімін FaceTime арқылы көрдік. Ағам телефонын ұстап тұрды. Мен анаммен бірге дұға еттім.

Соңғы рет айтқым келгені: “Рақмет, әке. Әкем болғаның үшін емес, досым болғаның үшін.”

Кейін жаттығуға оралғанда, түрлі сәттер есіме түсе берді. Көзіме жас келеді.

Тренттің айып добын тоқтатуға тырысып жатып, көз жасыңды сүрту — оңай емес.

Бірақ командадағылар ешқашан түсініспеушілік танытпады. Менің жанымда болды. Футбол — менің таңдауым емес. Ол маған қанмен келген қасиет.  Бразилияда футбол бір үлкен толқын. Сол толқын мені тыныштыққа жеткізді.

Әкемнің ізімен

Жаттығудан кейін, шаршап үйге келгенде, диванға құлаймын. Сол сәтте 5 жасар ұлым Маттео жүгіріп келіп, допты қолыма ұстатады:

— Ойнайық!

Ол Ливерпул деген жазуды YouTube-тен іздеп жүріп үйренген.

“livrpol” 

“hi liit liverpol”

“livrpool dad save”

“all we need is alisson becker song” осы сөздерді үнемі айтады.

Маттео екеуміз де бұрынғыдай диван астын қақпа еттік. Ол — Мо, Трент, Вини Жуниор. Мен болсам — Таффарел болғым келеді. Бірақ енді мен — Алисонмын.

Әкем қайтыс болған соң үш айдан кейін ұлымыз Рафаэл дүниеге келді. Оның есімі иврит тілінен аударғанда — “Құдай саған шипа берді” деген мағынада.

Бір сәт. Бір гол. Бір өмір

Рафаэл туылғаннан кейін 6 күн өткенде, біз Вест Бромға қарсы өте маңызды матч өткіздік. 1:1.

Соңғы бұрыштама.

Кенеттен бапкер айқайлады:

— Жүгір алға!

Мен алға ұмтылдым. Трент бұрыштаманы орындады. Доп маған қарай ұшып келе жатты. Басыммен ұрып, құлап түстім. Бәрі құшақтап жатыр. Тиаго жылап, Фирмино күлкі мен көз жасын араластырып, Мо баладай қуанып жатыр. Жанкүйерсіз стадионда тек бір нәрсе сезілді — командаластардың шынайы махаббаты.

Сенім туралы

Сол сәтте ішімнен сұрақ туындады: “Көріп тұр ма екен? Көктен қарап тұр ма?”

Осы бір әнді естігенде есіме әкем түседі:

"When you walk… through a storm…” (Дауылда жүрсең де басыңды тік ұста)

Әлемде мыңдаған футбол әндері бар. Бірақ жүрекке осылай әсер ететін біреуі ғана.

Бір күні бәріміз қиындық көреміз. Бір күні біз жақсы көрген адамнан айырылуымыз мүмкін. Сол кезде: “Олар қарап тұр ма? Қайта көрем бе?” деген сұрақ пайда болады.

Мен бір күні әкеммен қайта кездесемін деп үміттенемін. Мәңгілік жағалауында, қолында шимарро, екеуміз балық аулаймыз. Тыныштықта, ештеңе айтпай.

Соңғы төрт жылда командам, достарым, көршілерім бізге сүйіспеншілік пен қолдау көрсетті.

Әкем — әрқашан жанымда. 

Жаттығудан кейін шаршап келіп, диванға жатсам, балаларымның жүгіріп келе жатқан аяқ дыбысы — сол дыбыс қайталануда…

— Паааай!

— Тô cansado pra caramba….

— Сен қақпашы боласың!

— Жарайды, жарайды.

Диваннан домалап түсемін.

— Йеееееееес!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×