«ПСЖ» - «Арсенал» кездесуіне болжам

07.05.2025, 20:50

Париждік клуб финалға бір табан жақын.

«ПСЖ» - «Арсенал» кездесуіне болжам
Хвича Кварацхелия «ПСЖ» сапында

Алайда, Луис Энрикенің командасына ЧЛ-ның басы аса тәтті болмаған - париждіктер негізгі кезеңде ала-құла ойнады. Нәтижесінде плей-офқа тікелей жолдама ала алған жоқ. Одан кейін әрине айқын көшбасшы болған Киллиан Мбаппенің кетуі де ықпал етті. Десе де, «ПСЖ» көптен аңсатқан Чемпиондар Лигасының финалына өте жақын тұр. Ол үшін алаң иелеріне бүгін «Арсеналмен» тең нәтиже де жеткілікті. Лондонда салып келген 1 гол Франция чемпионына кішігірім басымдық сыйлайды, бірақ «зеңбірекшілердің» әрине өз ойлағаны бар. 

«Арсенал» бір апта бұрын Усман Дембеленің жылдам голынан кейін есеңгіреп, таразы басын теңестіре алмады. Десе де, ойын барысында қос команданың да доп ұратын мүмкіндіктері болды. Бүгін енді соның қарымтасын қайтаруы тиіс. Статистика не дейді? Лондондық ұжым ЧЛ да сырт алаңдағы соңғы төрт ойынды жеңіспен аяқтаған. Мадридтегі жеңістің өзі неге тұрады 2:1?

АПЛ-де Микель Артетаның командасы өзінің әдеткі 2-орнында. Бірақ турнир соңына дейін 3 тур қалғанда «Манчестер Ситиден» тек 3 ұпай озып тұр. Демек, күміс қолда деуге келмейді. 

Сонымен, ЧЛ-ның «ПСЖ» - «Арсенал» арасындағы жартылай финалының қарымта кездесуіне қандай болжам айтуға болады? «Арсенал» жеңіске жетеді деп ойлаймыз. Fonbet.kz-бұған 3.20 коэффициентімен бәс тігуге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×