Озил мен Сократис «Арсеналдың» АПЛ-дегі ойындарына қатыспайды

21.10.2020, 02:28
Ойыншылар АПЛ-ден бөлек, Еуропа лигасында да ойнай алмайды.
Озил мен Сократис «Арсеналдың» АПЛ-дегі ойындарына қатыспайды

Жартылай қорғаушы Месут Озил мен қорғаушы Сократис Папастатопулос «Арсеналдың» Англия Премьер-лигасының 2020/2021 жылғы маусымына арналған тізімінен шығарылады, деп хабарлайды Goal.com.

Дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы Озил мен Сократиске 25 ойыншыдан құралған жаңартылған тізімге енбейтіндігі туралы хабарлаған. Демек, құрамнан шығарылған ойыншылар Англия чемпионатының матчтарына кем дегенде 2021 жылдың ақпанына дейін қатыса алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Озил мен Сократис «Арсеналдың» Еуропа лигасына арналған тізіміне де енбеген болатын.

Айта кету керек, Озил Лондондық клубтағы ең көп жалақы алатын ойыншы. Ол «Арсеналда» 2013 жылдан бері ойнап келеді. Месут наурыз айынан бері ресми ойынға қатысқан жоқ. Ал Сократис «Арсеналға» 2018 жылы "Боруссия Дортмундтан" ауысып келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×