«Қазақстан» Ұлттық арнасында - ЕУРО- 2012 →

09.01.2012, 19:53
<p>«Қазақстан» Ұлттық арнасында - ЕУРО- 2012 →</p>

ЕУРО-2012 ™. «Қазақстан» РТРК АҚ Еуропа чемпионатының («Еуро – 2012™») футбол ойындарын ҚР аумағында 2012 жылы тікелей эфир көрсетілімдерін сатып алу бойынша лицензиялық тендерді жеңіп алды.

2012 жылы 8 маусым мен 1 шілде аралығында «Еуро-2012™» ойындарының 31 матчы «Қазақстан» Ұлттық және «Еуразия» Бiрiншi арналарының тікелей эфирінен беріледі. Матчтың ашылуын бір мезгілде екі телеарнадан қатар тамашалауға мүмкіндік бар. Шешуші ойын «Қазақстан» Ұлттық арнасынан көрсетіледі. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан жалпы саны 22 матч, «Еуразия» Бірінші арнасынан 10 матч ұсынылмақ. Эфирде ойыннан басқа да қызықты бейнематериалдар көрсетілмек. 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Еуропаға жол-2012» тележурналы назарларыңызға ұсынылады. Еуропа Чемпионаты барысында сайыстарға күн сайын шолу жасалады.

_________________________________________________________________________________________

УЕФА-ның 2012 жылдағы Еуропа чемпионатының форматы;

1) 8 маусым мен 1 шілде аралығында ойналған (24 күн) барлық матчтың саны – 31

2) ойналғаны 8 маусым мен 19 маусым аралығында (12 күн) күніне 2 матч деп есептегенде, 3 айналымнан 8 матчты құраған, топтық кезең – 24 матч,

3) 21 маусымнан 1шілде аралығында (7 күн) плей-офф – 7 матч, ойналған: ширек финал - 4 матч, жартылай финал – 2 матч, финал -1

Матчтың ашылуы 8 маусымда Варшавада, жабылу мен жүлделерді тапсыру рәсім 1 шілдеде Киевте өтеді.

Анықтама:

УЕФА-ның Еуропадағы футболдан чемпионаты тұңғыш рет 1960 жылы өткізілді. Кезектi 14-ші ойын 2012 жылы Польшада және Украинада өтеді. 2008 жылы біріншілікті жеңіп алған Испания құрамасы Еуропаның қазіргі чемпионы. Еуро-2008 тарихтағы телекөрермендерді ең көп жинаған ойын болды. 77 рет доп соғылған (әр матчта орташа есеппен алғанда 2,5 гол соғылды) бұл ойындарды мамандар аса жоғары деңгейдегі бәсеке деп бағалаған. Турнир барысын 231 елдің, 203 хабар тарату компаниялары көрсетті. Орта есеппен алғанда бір матчтағы тікелей эфирге қатысқан көрермендердің саны 155 миллион адамға жеткен.

http://kaztrk.kz/kaz/news/euro-2012/Kazakstan_Ulttik_arnasinda_-_EURO-_2012.html#go

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×