Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болып, Сербиялық Небойша Миличич тағайындалды

09.01.2012, 20:01
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болып, Сербиялық Небойша Миличич тағайындалды
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болып, Сербиялық Небойша Миличич тағайындалды. Бұған дейін Испаниялық Атлетико командасының бас бапкерінің көмекшісі болған маман, Қазақстандық жасөспірімдерді екі жыл жаттықтырады. Жаңа бапкерге біздің құраманы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне шығару тапсырмасы жүктелді. Ал 17 жасқа дейінгі футболшылар Алматыда бас қосты. Балалар футбол лигасы туы астында өтіп жатқан балғын футболшылар жарысы, ертең өз мәресіне жетеді. Әзірше топ тізгінін қолға алған командалар негізгі мәселені шешуге шақ тұр. 1997-ші жылға дейінгі туылған спортшылар арасында Алматы Армияшыларының мерейі үстем болса, 17 жасқа дейінгі командалар арасында ЦЕСНА көш бастап келеді. Бірақ Қайрат пен ЦСКА жасөспірімдері де өзіндік ойын өрнегімен танылды. Айта кету керек биыл Қазақстан президенті кубогы жолындағы жарыста ел намысын 17-жасқа дейінгі футболшылар қорғайды. Бас бапкер іріктеу жұмыстарын қалай жүргізетіні белгісіз. Бірақ апта бойы Алматы алаңдарында өнер көрсеткендер арасында да өзіндік ойын өрнегі бар аяқдопшылар көзге шалынды. Бауыржан Сәрсекенов, Балалар футбол лигасының директоры: -Әйтеуір біз балалардың жарысын көтеріп балалардың несін көтеру мақсатымыз. Мазмұнын көтеріп жарыс арқылы балаларды үлкен тәжірибеге жеткізетін сондай жеткізетін ойға келеміз деп ойлаймын. Президент кубогын сарапқа салатын команда ақпан айында жасақталады деген ақпар бар. Олар Шымкентте оқу жаттығу жиынын өтеді. Тіпті ерте көктемде Оңтүстік өңірде өтетін «жастар жарысы» аталған сынға қатысады. Қазақ футболының болашағы балаларда десек, осы салаға елеулі еңбең сіңірген Болат Серібайұлы секілді мамандар жасы 70 ке толсада жасыл алаңның жиегінен кете қойған жоқ. Болат Төлегенов баптаған Асқат Қадырқұлов кезінде Мәскеу ЦСКА сының сапында өнер көрсетті. Ерлан Оразаев өткен ғасырдың 90 жылдарының аяғында Азияның ең үздік жас футболшысы атанды. Ағайынды Күкеевтер Қазақстан біріншілігінде доп теуіп жүр. Жамбыл Күкеевтің Уэмблиде Англия құрамасына доп соққаны белгілі. Болат Төлегенов, жаттықтырушы: - Отыз шақты команда ойнап жатқаны сегіз жүз шақты балалар ойында.Ол енді бізге ойымша үлкен жеңіс. Ал енді осы балалардың арасынан шығады деп сенемін.Бір екі бала атып шықса біздің жеңісіміз үлкен біздің. Жарысқа қайта оралсақ, Спутник пен Локоматив командалары да үштікке ілінуден үмітті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×