
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Максим Самородовтың трансферіне байланысты пікірімен бөлісті.
Айта кетейік, былтыр жазда «Ақтөбе» түлегінің «Ахматқа» ауысуына тікелей ықпал еткен ресейлік маман болатын. Грозныйлық клубтан бөлек Қазақстан құрамасының көшбасшысына тағы «Рапид», «ПАОК» және «Арис» сияқты командалар қызығушылық танытты.
«Оған «ПАОК-тың» қызығушылық танытқанын анық білемін. Біз тіпті олармен хабарласып, келіссөз жүргізген кезіміз де болған. Бұл жерде негізінен Максты көндірген мен шығармын. Оған: «Макс, дегенмен Премьер-лига деген деңгейі өте жоғары турнир. «ПАОК» деңгейі жоғарырақ екені түсінікті. Бірақ меніңше олар қазір сені алғанымен, бірден бой үйретіп кете аласың деп ойламаймын. Оған Зайнутдиновтың жолын таңдауға кеңес бердім. Ол «Ростовқа» келіп, өзін жақсы қырынан таныта алды және статусты клубқа кетті. Осындай нұсқаны негізге алуды ұсындым. Жалпы айтқанда ол мұнымен келіскен болатын», - деді М. Адиев Meta-ratings.kz-ке берген сұқбатында.
Максим Самородовқа келетін болсақ, РПЛ-24/25-маусымында 22 ойында 5 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 6 матчта екі рет мергендік танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET