«Құрама қатарына оралу үшін оған тағы не істеу керек?» Спорт сарапшысы Әли Әлиевті сынға алды

22.05.2025, 15:59

Ресейлік спорт журналисі Александр Тройцкий Қазақстан құрамасының маусымдағы қос кездесуіне жариялаған кеңейтілген тізімі туралы пікірін айтты.

«Құрама қатарына оралу үшін оған тағы не істеу керек?» Спорт сарапшысы Әли Әлиевті сынға алды
Уэльс - Қазақстан кездесуі

Естеріңізде болса, Әли Әлиев жаттықтыратын ұлттық команда маусымның 5-де Беларусьпен жолдастық ойын өткізсе, маусымның тоғызында ӘЧ-2026 іріктеу аясында Солтүстік Македониямен кездеседі.       

«Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ӘЧ іріктеуіндегі Солтүстік Македонияға қарсы және Беларуське қарсы кездесулерге қатысатын футболшылардың кеңейтілген құрамын жариялады. Қуатты шақырыпты. Аса бір жас емес бірнеше жаңа ойыншы бар. Негізгі құрамға біразының ілінбейтіні түсінікті. Тағы да Өміртаев жоқ. Құрама қатарына оралу үшін оған тағы не істеу керек? Сол сияқты мансабын аяқтаған Марочкинсіз де біртүрлі екен», - деді А. Тройцкий өзінің телеграм-арнасында.

Қазақстан J тобында 3 турдан кейін 3 ұпаймен үшінші орында тұр. Әли Әлиевтің командасы Уэльстен ұтылып, Лихтенштейнді жеңген еді 2:0.   
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×