
Спорт сарапшысы Рымбек Ізғали Қазақстан құрамасының Солтүстік Македонияға қарсы өткізетін кездесуі жайлы пікірімен бөлісті.
Әли Әлиев жаттықтыратын ұлттық команда айдың аяғында осы ойынға дайындығын бастамақ. Іріктеу ойынының алдында сондай-ақ, Беларусьпен жолдастық матчтың болатынын да қоса кету керек.
«Македонияның ойынын көрдім, тактикасы Әлиевтікіне келеді – матчта өз уақытын күтеді. Олар Лихтенштейнмен болған кездесуде мүлде асыққан жоқ, өздерінің мүмкіндіктерін күтіп, кездесу бойы қарқынға қарқын қосып отырды. Македонияға қарсы ойынның екінші таймы тартысты болатынын біздің футболшылар ескеруі тиіс. Бұл стиль Әлиевтің «Қызыл-Жардағы» тактикасына ұқсайды, онда бапкер асығыстыққа жол бермейтін. Егер дұрыс тактика қойып, бас бапкердің нұсқамасын толық орындайтын болсақ, бұл ойында ұпай олжалай аламыз», - деді сарапшы «Sport+» YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Қазақстан алдағы айда екі матч өткізеді. 5-маусымда Беларусьпен (жолдастық ойын) 9-маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады (ӘЧ-2026 іріктеуі аясында). Әзірге Әли Әлиевтің командасы өзінің тобында 3 ұпаймен үшінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET