Патрис Эвра: «Біз маймыл секілдіміз, себебі Африка кубогін ешкім құрметтемейді»

01.12.2021 12:46 АПЛ

Эвра бұл сыйлық Сенегал қақпашысына берілуі керек еді деп есептейді.

Патрис Эвра: «Біз маймыл секілдіміз, себебі Африка кубогін ешкім құрметтемейді»

«Манчестер Юнайтед» пен Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра Лев Яшин жүлдесін «Челсидің» қақпашысы Эдуард Мендиге бермегені үшін France Football басылымын сынға алды. Естеріңізге сала кетейік, бұл сыйлық ПСЖ қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммаға бұйырған болатын.

«Эдуард Менди ме? Әрине, ол Африка кубогінде өнер көрсетеді. Қарап тұрсам, біз маймыл секілдіміз, себебі бұл турнирді ешкім құрметтемейді. Қалай болғанда да, ойыншылар бұл турнирге қатысу үшін үш апта бойы өз клубтарынан кетуге мәжбүр болады емес пе?!» - деді Эвра өзінің Instagram парақшасында.

France Football сыйлығынан басқа, Доннарумма халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясының (IFFHS) шешімімен 2021 жылы әлемнің үздік қақпашысы атанды. Ол 2021 жылдың жазында Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанып, турнирдің үздік ойыншысы деп танылған болатын.

0 пікір