«Қызыл-Жар» келесі маусымның алғашқы бөлігіндегі ойындарды «Астана Аренада» өткізеді

01.12.2021, 17:34
«Қарасай» стадионында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
«Қызыл-Жар» келесі маусымның алғашқы бөлігіндегі ойындарды «Астана Аренада» өткізеді

«Қызыл-Жар» клубының президенті Григорий Лория Петропавлдағы «Қарасай» стадионын қайта жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтты, деп хабарлайды МТРК телеарнасы.

«Келесі жылы біздің өз стадионымызда ойнай алмайтынымызды бәріңіз білесіздер. Оны футбол федерациясы жауып тастады, себебі біздің алаң мен стадионның инфрақұрылымы стандартқа сай емес. Стадион ескі... 20 жылдан бері күрделі жөндеу болған жоқ», - деді клуб президенті.

«Қарасай» стадионында наурыздан маусым айына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында петропавлдық клуб өз алаңындағы барлық матчтарды елордада өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×