«Қызыл-Жарды» келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

01.12.2021, 17:23
Команда құрамы өзгеріссіз қалады деп күтілуде.
«Қызыл-Жарды» келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

«Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович команданы келесі маусымға дайындайтын болады, деп хабарлайды МТРК телеарнасы.

Қаңтар айында «Қызыл-Жар» ойыншылары оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Түркияға аттанады. Клуб президенті Григорий Лорияның айтуынша, команданың құрамы өзгеріссіз қалады.

Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Қызыл-Жар» Премьер-лигада төртінші орын алып, Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды. Алғашқы айналымның матчтары шілде айының соңында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×