Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

01.12.2021, 17:13
Үздік ондыққа «Тобылдың» екі ғана ойыншысы кірді.
Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасындағы ойыншылардың трансферлік бағасын жаңартты.

«Астананың» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы ретінде тіркелді. Ойыншының трансферлік құны, 2,5 миллион еуроны құрады. Одан кейінгі орында жарақатынан айыққан «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски тұр. Үздік үштікті алматылық клубтың қорғаушысы Нұралы Әліп пен «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев бөлісті.

Бір қызығы, үздік ондыққа биыл Қазақстан Суперкубогін жеңіп алып, сонымен қатар ел чемпионы атанған қостанайлық «Тобылдың» екі ойыншысы ғана енді.

Премьер-лигадағы ең қымбат 10 ойыншы:

1. Тигран Барсегян («Астана») – 2,5 миллион еуро;

2. Яцек Гуральский («Қайрат») – 1,8 миллион еуро;

3-4. Нұралы Әліп («Қайрат») – 1,7 миллион еуро;

3-4. Игорь Сергеев («Тобыл») – 1,7 миллион еуро;

5-6. Раде Дугалич («Қайрат») – 1,5 миллион еуро;

5-6. Хосе Канте («Қайрат») – 1,5 миллион еуро;

7-8. Дино Миканович («Қайрат») – 1,4 миллион еуро;

7-8. Абзал Бейсебеков («Астана») – 1,4 млн еуро;

9-10. Небойша Косович («Қайрат») – 1,3 миллион еуро;

9-10. Алекса Аманович («Тобыл») – 1,3 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×