Ең қымбат қазақстандық футболшылардың тізімі жарияланды

01.12.2021, 17:02
Бұл тізімде бұрынғысынша ЦСКА футболшысы көш бастап тұр.
Ең қымбат қазақстандық футболшылардың тізімі жарияланды

Transfermarkt порталы қазақстандық футболшылардың трансферлік құнын жаңартты.

Ең қымбат қазақстандық ойыншылардың ішінде мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бактиёр Зайнутдинов көш бастап тұр. Екінші орынға түркиялық «Газиантеп» командасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель табан тіреді. Үздік үштікті «Қайраттың» жас қорғаушысы Нұралы Әліп түйіндеді.

Ең қымбат 10 қазақстандық футболшы:

1. Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА) – 3,5 миллион еуро;

2. Александр Меркель («Газиантеп», Түркия) – 2,2 миллион еуро;

3. Нұралы Әліп («Қайрат») – 1,7 миллион еуро;

4. Абзал Бейсебеков («Астана») – 1,4 миллион еуро;

5. Стас Покатилов («Қайрат») – 1,1 миллион еуро;

6-9. Сергей Малий («Тобыл») – 1 миллион еуро;

6-9. Исламбек Қуат («Астана») – 1 миллион еуро;

6-9. Артур Шушеначев («Қайрат») – 1 миллион еуро;

6-9. Айбол Әбікен («Қайрат») – 1 миллион еуро

10. Абат Айымбетов (Астана) – 1 миллион еуро

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×