Оңтүстік Кореяның бапкері Паулу Бенту Әлем чемпионатының 1/8 финалы ойынынан кейін қызметінен кетті.
"Болашақты ойлау керек, мен болашағымды Корея футболшыларымен елестете алмаймын. Мен Федерация басшылығына кетемін деп әу-баста айтқанмын. Қыркүйек айынан бері осындай ойым болған. Баптауымда болған ойыншыларға көп рақмет! Олар көпке керемет эмоция сыйлады".
Паулу Бенту Оңтүстік Кореяны 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді.
Еске салайық, 1/8 финалда "жолбарыстар" Бразилияға 4:1 есебімен ұтылған еді.
Біздің серіктес: FONBET