Павлодарда жаңа стадион салынуы мүмкін

27.06.2025, 20:24

Павлодар облысының әкімшілігінде жаңа стадион салу жөнінде талқыланды.

Павлодарда жаңа стадион салынуы мүмкін

Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы жаңа футбол стадионын салу мәселесі қарастырылып жатқанын растады. Сонымен қатар, қазіргі Орталық стадионды бұзу жоспарда жоқ екенін нақтылады.

Жоспарда орталық стадион орналасқан аумақ өзгермейді. Жаңа стадион салу мәселесі әзірге зерттеу кезеңінде», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Бұған дейін облыс әкімі Асаин Байханов екі нұсқа қарастырылып жатқанын айтқан болатын: ескі стадионды түбегейлі қайта жаңарту немесе жаңа арена салу.

Егер жаңа нысан салынатын болса, оның ең ықтимал орны – Sport City ықшам ауданы.

«Қазіргі талаптарға сай стадион шамамен 12 мың көрерменге лайықталып салынады және еурокубоктық матчтарды қабылдай алады. Ескі стадионды балалар жаттығуларына қалдырып, жөндеуден өткізуіміз мүмкін», – деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, жобаны іске асыру биыл немесе келесі жылы жоспарланбаған. Дегенмен дайындық жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×