Элдор Шомуродов өзге клубқа ауысуға шешім қабылдады

27.06.2025, 21:37

Өзбекстан ұлттық құрамасының капитаны Элдор Шомуродов италиялық «Кремонезе» клубының ұсынысын қабылдады.

Элдор Шомуродов өзге клубқа ауысуға шешім қабылдады

Gazzetta басылымының ақпаратына сәйкес, Серия А-ға жақында ғана оралған клуб өзбек шабуылшысы үшін 8 миллион еуро төлеуге дайын. Өткен маусымда Шомуродов «Рома» сапында 37 матч өткізіп, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt.com порталының мәліметінше, қазір 28 жастағы шабуылшының нарықтық құны – 4 миллион еуро. Еске сала кетейік, 2021 жылы «Рома» оны 19,6 миллион еуроға сатып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×