
Түркістандық «Тұран» клубы трансферлік терезеде құрамын одан әрі толықтыруда.
Бұл туралы «Қызылжар» клубының Instagram парақшасында хабарланды:
«Ол маусым басында командаға қосылған болатын».
Асылбек Асан — «Тараз» футбол орталығының түлегі. 2024 жылдың ақпанында Петропавлдық «Қызылжар» сапына ауысып, содан бері бар болғаны үш матчқа қатысты.
ҚПЛ-дың 13-туры қорытындысы бойынша, «Тұран» 11 ұпаймен турнир кестесінің ұшу аймағында тұр.
Айта кетейік, Асылбек Асан осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 2 рет және Қазақстан кубогында 1 рет алаңға шыққан. Соңғы рет ол 27 сәуір күні «Қайсарға» қарсы кездесуде 1 минут ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET