Педро Эуженио: «Қазақстан құрамасында ойнауға қарсы болмас едім»

19.04.2021, 17:56
Педро төртінші матч қатарынан гол соқты.
Педро Эуженио: «Қазақстан құрамасында ойнауға қарсы болмас едім»

"Тараз" ойыншысы Педро Эуженио "Ақжайықпен" өкен ойында әдемі гол соғып, матч қаһарманы атанды. Футболшы қазір төрт гол соғып, чемпионаттағы сұрмергендердің тізімінде алғашқы орында тұр. Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен кездесу жайлы пікір білдіріп, Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау туралы сұраққа жауап берді.

- Матч өте қиын болды. "Ақжайық" - агрессивті команда. Олар шабуылшыларына ұзақ пастар беріп, айып алаңына жиі доп жеткізіп, бізді өз алаңымызда ыңғайсыз сезімде қалдыруға тырысты.

- Сіз осымен қатарынан төрт ойында гол соқтыңыз. Оның екеуі командаға жеңіс әкелді. Өзіңізді қаһарман ретінде сезіндіңіз бе?

- Жоқ, олай сезінбедім. Команда 90 минут бойы тер төгеді, еңбектенеді. Бастысы өзімізге қажетті ұпайды еншіледік. Кімнің гол соққаны маңызды емес.

- "Таразда" нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрсіз. Өзге маусымдарда олай емес еді. Бұған бірнәрсе әсер етті ме?

- Мен алдында ойнаған командада шабуылшы болдым. Айырмашылығы осында ғана. Ал мұнда менде жаңа позиция – сол қапталдағы жартылай қорғаушы. Мүмкін бапкерлер осы позицияда ойнағанымды жөн санаған шығар.

- "Ордабасы" командасының легионері Жоао Пауло Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауға дайын екендігін айтып қалды. Егер сізге осындай ұсыныс түссе, қалай қабылдар едіңіз?

- Неге ойнамасқа?! Кез келген ойыншыға елдің бас құрамасында ойнап, халықаралық аренада сол елдің намысын қорғау – зор мәртебе. Егер менде мұндай мүмкіндік болып жатса, Қазақстан құрамасы сапында елдің намысын қорғауға тырысатын едім.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×