ПЕНАЛЬТИ ҚАШАН ПАЙДА БОЛҒАН?

06.05.2013, 21:16
ПЕНАЛЬТИ ҚАШАН ПАЙДА БОЛҒАН?

пенальттиПенальтидің футбол ережесіне енгенге дейін мыңдаған ойындар өтті. Алғашқы пенальти қателіктен болған. Ойындағы шотландтық бас қазы «Эйрдрионианс» командасының пайдасына 1891 жылы шешкен, бірақ ойын ережелері келесі маусымда ғана күшіне енген.

Әйгілі КСРО қақпашысы Лев Яшин 150 пенальтиді қайтарған деседі.

Сіз білесіз бе? Пенальтиден тебілген доп сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ұшады екен. Ал доп қақпа бағанына жету үшін небәрі 0,4 секунд қажет екен.

Англия ұлттық құрамасы мен «Саутгемптон» клубының шабуылшысы Мэтью Ле Тиссье пенальтиден гол салудың қас шебері болған. Өзінің спорттық ғұмырында 50 рет пенальтиден гол ұрып, 1 рет қана қателескен. Ол 2002 жылы үлкен спортпен қош айтысты.

Негізгі уақыт пен қосымша уақытта қос команда бір-бірін ала алмаса пенальти арқылы бақтарын сынайды.

Ең алғаш рет пенальти сериясы 1970 жылы Уотни Манн кубогіндегі жарыс үшін төменгі клубтың «Халл Сити» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойында тіркелген. Пенальтиден «Халл» 3:4 есебімен жеңіліп қалады. Ал «Манчестердің» ойыншысы Денис Лоу пенальтиден мүлт кеткен алғашқы ойыншы ретінде тарихта есімі жазылды.

Егер де доп қақпа бағанасына тисе, егер де қақпашы допты қайтарса немесе допты қиыс тепсе пенальти салынбайды. Аргентиналық Мартин Палермо 1999 жылы үш рет қақпаға ұрып, пенальти сала алмаған. Алғаш тепкенде қақпа бағанасына тиген, екінші рет қисық теуіп, үшінші рет тепкенде қақпашы допты ұстап алған.

Бұрындары пенальти болғанда доп тебілмейінше қақпашы орнынан қозғалмау керек болған. Егер де қақпашы орнынан қозғалса, онда бас төреші пенальтидің қайтадан тебілуін талап еткен. 1945 жылы Шотландия лигасындағы «Килмарнок» пен «Партик Тисл» ойынында Томми Уайтқа қақпашының ойын тәртібін бұза бергені үшін 7 рет пенальти тепкізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×