
Испания құрамасы мен “Ливерпуль” клубының бұрынғы қақпашысы Пепе Рейна 42 жасында кәсіби футболдағы мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялады.
Пепе Рейна өзінің кәсіби мансабын 1999 жылы “Барселонаның” екінші командасынан бастаған. Кейін ол Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарында өнер көрсетті.
"Вильярреал", "Ливерпуль", "Наполи", "Байерн Мюнхен", "АС Милан", "Лацио", "Астон Вилла" командаларының қақпасын күзеткен ол соңында Италияның "Комо" клубында мансабын аяқтап жатыр.
Пепе Рейна Испания ұлттық құрамасында 2005–2017 жылдары аралығында 36 ойын өткізіп, 2010 жылғы Әлем чемпионатының, сондай-ақ Евро 2008 және Евро 2012 турнирлерінің жеңімпазы атанды.
Мансабының ең жарқын кезеңін "Ливерпульде” өткізген ол “Қызылдар” сапында 248 матчқа қатысып, Премьер лигада қатарынан 3 маусым “Алтын қолғап” жүлдесін жеңіп алған.
“26 жылдық керемет саяхаттан кейін мансабымды аяқтауға бел будым. Футбол маған өмірдегі барлық жақсылықтарды сыйлады. Барлық бапкерлеріме, команда достарыма, отбасым мен жанкүйерлерге алғысым шексіз.” – деді Рейна.
Пепе Рейна бапкерлік пен спорттық менеджмент саласына бет бұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, спорттық медиа саласында да қызмет етуі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET