
Бразилиялық аңыз, қазіргі таңда Испанияның “Реал Вальядолид” клубының президенті қызметін атқарып жүрген Роналдо Луис Назарио де Лима өзінің футболшы кезіндегі тәжірибесі мен клуб басшысы ретіндегі өмірінің айырмашылығы жайлы қызықты оқиғасымен бөлісті.
Ол бір матчтан кейін клубтың шабуылшысы керемет мүмкіндікті пайдалана алмағанын көріп, үзілісте киім ауыстыратын бөлмеге келіп, оған кеңес бергенін айтты:
“Қақпашымен жеке шыққанда ең бастысы – сабыр сақтау және көру. Қақпашының бұрыштарды жабу мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан зейінді жоғалтпай, жалған қимыл жасауың керек. Сонда қақпашы тепе-теңдігін жоғалтып, құлайды. Сол кезде оңай соғып кетуге болады.” – дейді Роналдо.
Алайда шабуылшы бұл кеңесті естіп, былай жауап берген:
“Әрине оңай. Өйткені сіз Роналдосыз.”
Біздің серіктес: FONBET