Чехия құрамасының қақпашысы Петр Чех ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан құрамасына қарсы кездесу туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Idnez.cz.
– Бақытымызға орай, Астанаға Түркияға қарсы кездесуден кейін барамыз, сондықтан сағаттық белдеудің ауысуы қатты біліне қоймас. Ал Прагадан тікелей ұшсақ, қиын болар еді. Дегенмен 3-4 сағат айырмашылығы да анық байқалады. Қалпымызға қайта келуімізге 2 күн болады, сондықтан осы үшін барымызды саламыз.
– Қазақстанның көп аймағы Азияға жатады, алайда құрамасы Еуропада ойнайды. Бұған қалай қарайсыз?
– Мен бұған қатты таң қалдым, олар үшін Азияда ойнау оңай болар еді. Сондай-ақ, мен құрамада болған 12 жылда Қазақстанмен бір де бір рет кездеспегеніміз таңқалдырады. Біз қашан да жеребеде олармен бір топқа түспейтінбіз, бірақ бұл жолы бізге сәттілік жолдас болмады.
ПРОСПОРТ