Арно Пайперс алдағы матч жайлы пікір айтты

09.10.2014, 19:44
Арно Пайперс алдағы матч жайлы пікір айтты
Кезінде Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Арно Пайперс Голландиялық баспасөзге сұқбат берді. Онда ол келе жатқан Голландия - Қазақстан матчы жайлы пікір айтты. - Қазақстан құрамасы Бельгия сияқты мықты қарсыласпен тең ойнап, Сербияны жеңген кезде футбол басшылары Әлем чемпионатын жеңе алатындай қайқардамыз деп те ойлай бастады. Бірақ, ол пікір қате. Қазақстанда жас футболшыларды даярлау мәселесі өте қиын. Жағдай жақсы жасалған деп айта алмаымын. Бірақ, ол елде футболды дамыту жайлы көптеген бағдарламалар бар. Ал алдағы матчта Қазақстан футболшылары менің отандастарыма аса қатты қарсыластық көрсете алмайтын шығар. Өйткені, Ван Перси мен Роббендердің деңгейі қазақстандық футболшылардан анағұрлым жоғарырақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×