Исламхан мен Нөсербаев Нидерландыға қарсы ойнамайды

08.10.2014, 22:41
Исламхан мен Нөсербаев Нидерландыға қарсы ойнамайды
aҰлттық құрамаға шақырту алған алты аяқдопшы Амстердамға ұшпайды. Осыдан бірнеше күн бұрын бас бапкер Юрий Красножан Франциядағы Еуропа чемпионатының қарсаңындағы Голландиямен болатын кездесу барысында чемпионатта сәтті ойын өткізіп жүрген жігіттерді жинаған болатын. О бастан-ақ Латвиямен өткен алғашқы іріктеу матчында алаңға шыққан Самат Смақов Амстердамға бармайтыны белгілі еді. Енді тағы бірнеше футболшы "қызғалдақтар еліне" ұшпайтын болып шықты. Олар: Бауыржан Исламхан, Таңат Нөсербаев, Юрий Логвиненко, Евгений Коструб, Владимир Логиновский мен Станислав Луниндер. Бұл футболшылар жарақаттарына байланысты командаға көмектесе алмайды. Дей тұрғанмен олар Астанадақұраманың екінші бапкері Виктор Кумыковтың қол астында жаттығып, бірнеше күннен кейін ұлттық құраманың кезекті ресми кездесулеріне дайындалмақ. АЛАДОП АҚПАРАТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×