ЧЕХИЯ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

08.10.2014, 05:07
ЧЕХИЯ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Алдағы күндері футболдан Қазақстанның ұлттық құрама командасын аса ауыр сынақтар күтіп тұр. Атап айтсақ, 10 қазанда жерлестеріміз Голландиямен күш сынасса, араға үш күн салып Чехиямен шеберлік байқасамыз. Қызғалдақтар елі өкілдерімен өтетін кездесуде кімдердің жасыл алаңға шығатыны жайында біз бұған дейін толыққанды ақпарат бердік. Ал Чехия құрамасының бас бапкері Павел Врбаның қай ойыншыларына сенім артатыны кеше белгілі болды. Олар: Қақпашылар – Петр Чех («Челси», Англия), Томаш Вацлик («Базель», Швейцария), Давид Бичик («Спарта»); Қорғаушылар – Павел Кадержабек («Спарта»), Радим Ржезник («Виктория»), Михал Кадлец («Фенербахче», Түркия), Марек Сухи («Базель», Швейцария), Давид Лимберски («Виктория»), Вацлав Прохазка («Виктория»), Даниэл Пудил («Уотфорд», Англия), Томаш Сивок («Бешикташ», Түркия); Жартылай қорғаушылар – Владимир Дарида («Фрайбург», Германия), Боржек Дочкал («Спарта»), Даниэл Коларж («Виктория»), Ладислав Крейчи («Спарта»), Вацлав Пиларж («Виктория»), Ярослав Плашил («Бордо», Франция), Томаш Росицки («Арсенал», Англия), Йозеф Шурал («Слован»), Лукаш Ваха («Спарта»); Шабуылшылар – Давид Лафата («Спарта»), Томаш Нецид («Зволле», Нидерланды), Матей Выдра («Уотфорд», Англия).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×