Почеттино: «Менің арманым - «Реалды» жаттықтыру»

19.09.2020, 00:15
«Реалдан» Зиданның кетуі екіталай.
Почеттино: «Менің арманым - «Реалды» жаттықтыру»

«Тоттенхэм» клубының бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттино қай клубтан ұсыныс түскенін, және «Реалды» баптағысы келетінін айтты.

«ПСЖ да, «Ювентус» та, «Интер» де менімен байланысқа шыққан жоқ. Мені "Бенфика" мен "Монако" клубтары шақырды.

Мен Мадридтік «Реалды» жаттықтырамын ба, білмеймін, бірақ, әрине, бұл менің арманым. Бұл, ең үздік клуб болмаса да, әлемдегі ең үздік клубтардың бірі. Бұл жерде менің басқалардан айырмашылығым жоқ, барлығы осындай жұмысты армандайды», - деді Почеттино.

Почеттино "Тоттенхэмді" 2014 жылдан 2019 жылға дейін жаттықтырды, одан бұрын "Саутгемптон" мен "Эспаньолды" баптаған. Аргентиналық маман «Тоттенхэммен» бірге Англия лигасының кубогы мен Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×