Тьяго Алькантара «Ливерпуль» ойыншысы атанды

19.09.2020, 03:00
«Ливерпуль» де құр алақан отырғысы келмейді.
Тьяго Алькантара «Ливерпуль» ойыншысы атанды

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантара "Ливерпуль" клубына ауысты. Испания құрамасының жартылай қорғаушысы ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Бұрын трансфердің бастапқы сомасы 20 миллион фунт стерлингті (22 миллион еуро) құрайтыны, тағы 5 миллион фунт стерлинг (5,5 миллион еуро) бонус ретінде берілетіні туралы хабарланған болатын.

Тьяго - «Барселонаның» тәрбиеленушісі, ол 2008 жылдан 2013 жылға дейін осы клубтың намысын қорғады, содан кейін «Баварияға» ауысты. Өткен маусымда Германия чемпионатының 24 матчына қатысып, 3 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×