Почеттино ПСЖ-ға Месси ауыспаса бармайтынын айтты

26.12.2020, 22:24
Почеттино Париждік клубтың басшылығына үлкен шарт қойып отыр
Почеттино ПСЖ-ға Месси ауыспаса бармайтынын айтты

Жақын арада "Пари Сен-Жермен" бас бапкері Томас Тухелдің орнын басады деп күтіліп отқан Маурисио Почеттино келмей жатып, клуб басшыларына үлкен шарт қойып отыр. Бұл туралы Le Parisien басылымы жазды.

48-жасар Почеттино франциялық командаға Мессидің ауысқанын қалайды. Ал кері жағдайда - ұсыныстан бас тартады. Яғни, Месси ПСЖ ойыншысы атанбаса, оның жерлесі Маурисио Почеттиноны да париждік команданың тізгінен көрмеуіміз бек мүмкін.

Еске сала кетейік, ПСЖ бұған дейін Лионель Мессиді сатып алуға басты үміткер командалардың бірі болған еді.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×