Юлиан Брандт «Арсенал» сапына ауысуы мүмкін

26.12.2020, 22:52
«Арсенал» басшылығы Артетаға бұл трансферді жүзеге асыру үшін қаржы бөлуге дайын.
Юлиан Брандт «Арсенал» сапына ауысуы мүмкін

Дортмундтық "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Юлиан Брандт лондондық "Арсеналдың" құрамын толықтыруы ғажап емес, деп мәлімдейді The Athletic басылымы.

Негізінен "Арсеналдың" басты мақсаты "Зальцбург" сапында ойнаған венгриялық Доминик Собослаи болған еді, алайда аталмыш футболшының "РБ Лейпцигке" ауысып кетуіне байланысты, ендігі жерде 24 жастағы Брандтқа көз тігуде. Белгілі болған ақпараттар бойынша, "канонирлер" Брандты осы қыста сатып алмақ.

Айта кететін жайт, Германия құрамасының жартылай қорғаушысы биылғы маусымда "Боруссияда" 22 матчта алаңға шығып, 1 гол және 1 нәтижелі пасымен ерекшеленген. Сондай-ақ, ойыншының transfermarkt сайтындағы құны 35 миллион еуро құрап отыр.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×